«Фейк өсекші, хайп»: Қайрат Нұртастың анасы баласына қатысты видеоға пікір білдірді
Видеода жастар Қайрат Нұртас пен өзге де әншілерге салыстыру жасайды
Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында әлеуметтік желіде баласына қатысты тараған видеоға пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода жастардың Қайрат Нұртас пен Скриптонит, Say Mo секілді танымал әншілерді салыстырып, таңдау жасайды.
«Жастардың талғамы жайлы екен, көзім шалып қалды. Қай ана болса да, баласы жайлы жылы сөздер естігенді жек көрмес. Фейк өсекші, жұлдыздарды пайдаланып, хайп жасап, оқырман көбейту әрекетімен, өз адамдарына ақша төлеп пиар етіп, өтірік тақырып ойластырып, айтпағанды айтты етіп елді шулатып, жерден алып, жерге тығып отыратындардан шаршап жүргенде, мына жастардың жылы сөздері үшін жақсы көріп отырмын», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.