$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2020, 10:59
Жаңалықтар

Шымкент, Ақтау және Оралда әуе рейстері қайта жанданды

Қалған қалалардың әуежайлары кезең-кезеңмен іске қосылады

Шымкент, Ақтау және Оралда әуе рейстері қайта жанданды
Фото ашық дереккөзден

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Шымкент, Ақтау және Орал қалаларынан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына  және қайта авиарейстердің қайта іске қосылғанын мәлімдеді.

Еске салайық, елімізде карантин режимінің енгізілуіне байланысты әуе рейстерінің бәрі тоқтатылған болатын. Бірнеше күн бұрын Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасына ұшақтар ұша бастаса, енді тағы үш қаланың әуежайындағы тіршілік қайта жанданады. Қалған қалаларда бұл процесс кезең-кезеңмен жүзеге аспақ.

Шымкент, Ақтау және Орал қалаларынан жаңартылатын авиарейстер үшін мынадай негізгі санитарлық-карантиндік талаптар белгіленді: әлеуметтік қашықтық, сауалнама, маскалық режим, терминал ғимаратына шығарып салатын адамдарды жібермеу, байланыссыз термометрия және т.б.

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ағымдағы жылдың 14 мамырында тиісті қаулы қабылдады.

Бұрын айтылғандай, жоғары температурадағы адамдар немесе ауру белгілері бар адамдар (жөтел, ентігу, тыныс алу қиын) анықталған жағдайда олар әуежай ғимаратына жіберілмейді, демек әуе кемесінің бортына да жіберілмейді. Аталған жолаушылар карантинге жіберіліп оқшауланады.

Айта кету керек, Қазақстандағы барлық ішкі авиарейстер тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан  және қайта облыстық маңызы бар қалаларына ғана ашық, бұл ретте өңірлер арасында әуе қатынасы жоқ.

Серіктес жаңалықтары