$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде жанып жатқан қоқыстан табылған нәресте өліміне қатысты тергеу жалғасуда

Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауда

Семейде жанып жатқан қоқыстан табылған нәресте өліміне қатысты тергеу жалғасуда
Бейнеден кадр

Семей қаласында жаңа туған нәрестенің мәйітін табу фактісі бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Департамент кызметкерлері санынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру барысында бейнежазбаларды тексеру, куәгерлерді анықтау жұмыстары атқарылуда. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауда», - деді бай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Елдос Закимов.

Айта кетейік, 13 қазан күні Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылған болатын. Сәбидің денесінің 80 пайызын күйік шалған.

Кейінірек Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева сәбидің шетінегенін мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары