Төрт млн теңге қарыз: Таразда бес жылдан бері алимент төлемеген адам сотталуы мүмкін
Тараз прокуратурасы 30 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты
Жамбыл облысында 2019 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген адам анықталды. Сол сияқты өңірлік прокурорлар алимент бойынша борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, талдау аясында 2019 жылдан бері дәлелді себептерсіз 4 млн теңгеден астам алимент берешегін төлемеген борышкерді анықтады.
«Сот шешімінің тиісінше орындамағаны үшін борышкер бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 09.09.2024 жылы осы факті бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
2024 жылдың өткен кезеңінде қала прокуратурасы 30 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 41 млн теңге көлемінде алимент берешегін өндірді.
Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді», - делінген хабарламада.