Алаяқтар қарт кісіні ауруханадан ұрлап әкетіп, пәтерін иемденбек болды

Azattyq Rýhy

Зейнеткер аурухана тамыз айының соңында түскен(

Алаяқтар қарт кісіні ауруханадан ұрлап әкетіп, пәтерін иемденбек болды
Фото: istockphoto.com

Ресейде алаяқтар 74 жастағы қарт кісінің пәтерін иемдену үшін ауруханадан ұрлап алып кеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды

74 жастағы Санкт-Петербург тұрғыны ауруханаға тамыз айының соңында түскен. Көп ұзамай аурухана бөлмесіне «туысқанымыз» деп таныстырған бейтаныс адамдар келе бастаған.

Зейнеткердің немересі мұны біліп, дәрігерлерден шақырылмаған қонақтарды кіргізбеуін өтінеді. Содан кейін, немересінің айтуынша, олар атасын «ұрлап» алып кетпек болған. Себебі, бір күні зейнеткер ауруханадан жоғалып кеткен.

Қайтып келгенде, қария оны қағазға қол қою үшін көлікпен бір жерге апарғанын айтты. Анықталғандай, Санкт-Петербург тұрғыны пәтерді басқа адамдарға беруге мәжбүр болған.

Немересі полицияға хабарласып, қылмыстық іс қозғау мәселесін көтерді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.