Әйел адам екі жасар баласын сірке суымен өлтірмек болды

Azattyq Rýhy

Анасы 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Әйел адам екі жасар баласын сірке суымен өлтірмек болды
Фото: depositphotos.com

Ресейдің Мәскеу облысында 26 жастағы әйел адам екі жасар сәбиін сірке суымен өлтірмек болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстан азаматы үш ай бұрын баласымен бірге Мәскеу облысында көңіл жарастырып жүрген ер адамның үйіне көшіп барған. Алайда көп ұзамай белгісіз себептермен баласын өлтірмек болған. Осы мақсатта дүкеннен 70% сірке суын сатып алып, оны сәбиінің бөтелкесіне құйып қояды. Екі жасар баласы сұйықтықты ішкеннен кейін артынша өзі де ұрттап алады.

Ана мен бала ішкі ағзасын қатты күйік шалған ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.