Қазақстандық фотограф Алматы аспанындағы алып кометаны видеоға түсіріп алды

Azattyq Rýhy

Цзыцзиньшань кометасы Қытай обсерваториясында 2023 жылдың қаңтарында ашылған

Қазақстандық фотограф Алматы аспанындағы алып кометаны видеоға түсіріп алды
Фото: instagram.com/dots_foto

Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко Алматының үстінен ұшып бара жатқан Цзыцзиньшань кометасын түсіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол видеоны Instagram парақшасында жариялады.

«Кеше түнде ауа райы қолайлы болды және кометаны бақылау үшін терезені аштым. Мен бірнеше фотосуреттер түсіріп үлгердім, тіпті осындай таймлапс та түсіріп алдым. Бұл Цзыцзиньшань кометасы Қытай обсерваториясында 2023 жылдың қаңтарында ашылған. Бір жарым жылдан кейін ол Жерге жақындап, түнгі аспанда көрінді! Кометаларды көру өте қызықты – елестетіп көріңізші, үлкен мұз блогы ғарышта секундына 80 км жылдамдықпен жүреді», - деп жазды блогер видеоның астында.

Фотограф кометаның күннің ыстығынан еріп, әдемі ұзын құйрық шығаратынын атап өтті.

«Біз мұның бәрін планетамыздан көреміз! Жер үшін бұл комета мүлдем қауіпті емес, өйткені ол айдан 200 есе қашықтықта ұшады. Сондықтан сіз ғарыштық шоуды емін-еркін көре аласыз. Мұны Күн батқаннан кейін қараңыз, өйткені комета Батыс көкжиекте көрінеді. Қалалық жарық жағдайында оны бинокльмен іздеген дұрыс. Қалалардан алыс қараңғы аспанда жай көзге де көрінетін болады. Мұндай жарқын кометалар өте сирек кездесетін құбылыс, сондықтан жіберіп алмаңыз», - деп қорытындылады Доценко.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.