$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талғарда қаза болған оқушының үйін өртегендерді анықтау: ІІМ тергеу тобын құрды

Талғарда қылмыскерлердің қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткені туралы хабарланды

Талғарда қаза болған оқушының үйін өртегендерді анықтау: ІІМ тергеу тобын құрды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов қылмыскерлер қолынан қаза болған Шерзат Болаттың үйінің өртеніп кетуіне қатысты оқиға орнына барып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ басшысының бірінші орынбасары күдіктілерді анықтау үшін тергеу тобы құрылғанын мәлім етті.

«Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында», – деді Бауыржан Аленов.

Айта кетейік, Талғарда қылмыскерлердің қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткені туралы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары