$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2020, 01:27
Жаңалықтар

ҰБТ-дағы бейнебақылау жазбасы 25 тамызға дейін талданады - БҒМ

Оқушының тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, оның ҰБТ нәтижесі жойылады

ҰБТ-дағы бейнебақылау жазбасы 25 тамызға дейін талданады - БҒМ
Фото: ашық дереккөзден

Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен ұсталған түлек биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен ұсталған түлек тестілеуге жіберілмейді және биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады. Айта кеткен жөн, ҰБТ аяқталғаннан кейін 25 тамызға дейін бейнебақылау жазбасы талданады. Егер оқуға түсушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда, оның ҰБТ және білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі жойылады», - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 130 мыңнан астам адам ниет білдірген.

Серіктес жаңалықтары