Жітіқарадағы өрт: аман қалған бала мен ананың жағдайы қандай?

Автор: Azattyq Rýhy

Өртте ата-анасының қарауынсыз қалған бес бала қаза тапты

Фото: Видеодан скрин

Жітіқарада өрттен аман қалған көпбалалы отбасының жалғыз баласы дағдарыс орталығына орналастырылды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл мәлімдеді.

«Аймақтық уәкіл ана мен баламен кездесті, олар қазіргі уақытта дағдарыс орталығында. Әйел адам әрине, шок күйінде, жылайды, сөйлей алмайды. Аман қалған бала салыстырмалы түрде өзін жақсы сезінеді. Олармен бірнеше психолог жұмыс істеп жатыр», – деді Динара Закиева.

Еске салайық, 11 қазан күні таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үйдің шатыры опырылып түскен. Үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бес бала қаза тапты тапты.