Қазгидромет ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады

Azattyq Rýhy

Елордада қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі

Қазгидромет ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады
Фото: depositphotos.com

Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде жауын-шашын күтілуде, ал оңтүстікте күн ашық әрі жылы болады. Түнде республиканың бірқатар аумақтарында үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 12 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қ.: 12 қазанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Абай облысы

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 12 қазанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға айналады) күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 12 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 12 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Павлодар қ.: түнде 12 қазанда қатты қар күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысынды, күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасың, қөқтайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстаң жел соғады күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 12 қазанда түнде бұрқасың, қөқтайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 12 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 12 қазанда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 12 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 12 қазанда түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Көкшетау қ.: 12 қазанда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысы

Түнде Жетісу облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Талдықорған қ.: 12 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысы

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23-28 м/с. Алматы қ.: 12 қазанда түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с. Қонаев қ.: 12 қазанда түнде кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23-28 м/с.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.