$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талғарда қаза болған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті: ҚР ТЖМ мәлімдеме жасады

Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында болған

Талғарда қаза болған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті: ҚР ТЖМ мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

ҚР ТЖМ Талғарда қылмыскерлер қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзот Болаттың үйінің өртеніп кетуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, 12 қазан күні сағат 00:50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында тұрғын үй өртеніп кетті.

«Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы дереу жіберілді.

Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте сағат 01-08-де тұрғын үйдің шатырының жануы орын алғаны анықталды. Үй толығымен отқа оранған.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт 01-38 оқшауланып, 01-43 сағатта 56 ш.м. алаңда толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтылануда.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары