$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ МСАК елдері коалициясының хатшылығын құруға келісті

Бұл шешім МСАК-қа түбегейлі қайта бағдарлау үшін маңызды қадам болады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ МСАК елдері коалициясының хатшылығын құруға келісті
Фото: ДСМ

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ДДҰ-ның Алматыдағы МСАК жөніндегі географиялық қашықтағы офисінің базасында МСАК елдері Коалициясының хатшылығын ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстандағы ДДҰ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның Коалиция құру және ДДҰ ГҚО-сын Коалиция хатшылығының жаһандық орталығына өзгерту жөніндегі бастамасын одан әрі іске асыру мақсатында ҚР Үкіметі мен ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының арасында Коалиция хатшылығын құру жөніндегі келісімді әзірлеу қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы ДДҰ-ның МСАК жөніндегі офисінің Басшысы Мелита Якабқа.

Кездесу барысында атап өтілгендей, іс-шара денсаулық сақтау жүйелерін бүкіл әлем бойынша МСАК-қа түбегейлі қайта бағдарлау үшін маңызды қадам болады.

Тараптар Коалиция хатшылығын құру және МСАК бастамаларын ілгерілету жөніндегі одан арғы жұмыс туралы келісімнің жобасына ұсыныстар беруге, сондай-ақ осы бағыт бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

 

Серіктес жаңалықтары