Елімізге импортталған бірқатар ауыл шаруашылық өнімдері кері қайтарылды
АШМ бақылау жұмыстары туралы мәліметтерді жариялады
Маңғыстау облысында «Болашақ» ФББ инспекторлары импортталатын карантинге жатқызылған өнімде фитосанитариялық талаптардың бұзылғанын анықтады. Үндістаннан Таразға баратын 66,9 тонна күріш берілген фитосанитарлық сертификатқа сәйкес келмеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Бұдан бөлек, Жамбыл облысындағы «Қарасу» ФББ инспекторлары фитосанитариялық сертификаттың болмауына байланысты Қырғызстанға 22 тонна жаңғақ қайтарып берді. Осындай жағдай Қостанай облысындағы «Қайрақ» ФББ-де орын алып, Ресейге 22,9 тонна картоп қайтарылды. Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» ФББ-де қажетті құжаттары жоқ бір тонна алма табылды.
Сондай-ақ Астана қаласы АИ инспекторлары «Астана халықаралық әуежайы» ФББ-де Ресей Федерациясынан авиарейспен фитосанитариялы қсертификатсыз келген көшеттерді анықтады, бұл жүк импорттаушы елге қайтарылды.
Ал Ресей Федерациясынан келіп түскен ағаш материалдарына (75,5 м3) қайталама бақылау жүргізу кезінде Көкшетау ҚАИ және Абай ААИ (Қарағанды облысы) инспекторлары қарақарағайдың тірі дернәсiлдерiн тапты. Өнім иелеріне қатысты барлық фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.
Бұдан басқа, Орал қаласы АИ инспекторлары міндетті қайталама бақылауға мақсары(импорттаушы ел-Ресей) ұсынбаған үшін өнім иесіне әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттамалар жасады.