$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда төртінші қабаттан өрт шығып, ер адам балконнан секіріп кетті

Өрт 4 қазан күні Сүлейменов көшесінде болған

Көкшетауда төртінші қабаттан өрт шығып, ер адам балконнан секіріп кетті
Фото: istockphoto.com

Көкшетауда көпқабатты үйден өрт шығып, ер адам балконнан секіріп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

4 қазан күні кешкі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері Аманжол Мұратов пен Мейрам Шайжановқа Сүлейменов көшесіндегі тұрғын үйдің 4-қабатында өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына келгенде өрт пәтердің едәуір бөлігін шарпығанын көрдік. Өрт кезінде ер адам балконнан секіріп кетті, ал менің әріптесім жедел жәрдем келгенге дейін оның жанында болды. Пәтердің ішінде тұрғындар болды, өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтаумен айналысып жатқанда, біз адамдарды эвакуациялай бастадық», – деді Мұратов.

Тәртіп сақшылары екі баласы бар ананы, әжей мен әйел адамды тез арада қауіпсіз жерге шығарды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, жалынның көрші пәтерлерге таралуына жол берген жоқ.

Полиция мен өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетінің арқасында адам шығыны болған жоқ.

Серіктес жаңалықтары