Атырауда дәрігерлер әйелдің жатырынан 6 келі миоманы алып тастады

Azattyq Rýhy

Қазір науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

Атырауда дәрігерлер әйелдің жатырынан 6 келі миоманы алып тастады
Фото: Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері науқасқа ота жасап, салмағы 6 келі, көлемі 35 см үлкен миоманы алып тастады. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басқарма мәліметінше, науқастың жатырындағы үлкен миоматозды түйін ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықталған.

«Науқастың сырқаты бірнеше жылға созылған. Ол ауырсын байқалған соң дәрігерлерге жүгінген. Облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері науқасқа жедел көмек көрсетіп, тиісті ем-шара жасады. Кейін күрделі ота жасауға шешім қабылданды. Орталықтың гинеколог дәрігері жасаған ота сәтті өтіп, салмағы 6 келі, көелмі 35 см миоманы алып тастады», - делінген хабарламада.

Отадан соң науқас гинекология бөлімшесіндегі дәрігерлердің бақылауында болған. Биыл жыл басынан бері орталықтың гинекология бөлімшесінде әртүрлі мөлшердегі миоманы жою бойынша бірнеше ота жасалған.

«Қазір науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер оған қажетті ем-дом шарасын жүргізіп, бақылауға алды», - деп хабарлады веомстводан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.