Антикор қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Azattyq Rýhy

Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттар мен файлдарды жасап, халыққа жолдап жатыр

Антикор қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Фото: depositphotos.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтарға сенбеу керегін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, халыққа жолдап жатыр.  Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз», - делінген хабарламада. 

Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайтынын жазған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.