Атырауда үйінің ауласына қарасора өсірген зейнеткер ұсталды

Azattyq Rýhy

Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді

Атырауда үйінің ауласына қарасора өсірген зейнеткер ұсталды
Фото: depositphotos.com

Атырауда үйінің ауласына 47 түп қарасора өсірген 64 жастағы зейнеткер анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, күдікке ілінген зейнеткер «Қарасора» жедел іздестіру іс-шарасы кезінде ұсталған.

«Биыл Қарасора – 2024» арнайы операциясы кезінде полицейлер 58 есірткі қылмысының жолын кесті. Ал, бүгін полиция және прокуратурасы қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасы кезінде зейнеткердің тұрғылық үйінің ауласына 47 түп қарасора өсіргені анықталды. Ол тұрғылықты тұратын үйінің қоршауын ауласы көрінбейтіндей етіп жабдықтаған. Тәртіп сақшыларының тінту жүргізуі кезінде ауладан 8 келі 800 грамм болатын 47 түп қарасора бұтасы тәркіленді», - делінген хабарламада.

Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.