«Ақтөбе» футболдан 2024 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды

Azattyq Rýhy

Бұған дейін екі клуб та кубокты бір-бірден жеңіп алған

«Ақтөбе» футболдан 2024 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанды
Фото: instagram.com/fcaktobe_official

Бүгін Алматының орталық стадионында футболдан Қазақстан Кубогының финалында «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Vesti.kz порталының жазуынша, кездесу 2:1 есебімен «Ақтөбенің» пайдасына шешілді. «Атырауда» есепті Николай Сигневич ашты. Алайда, екі минут ішінде Әлібек Қасым есепті пенальтимен теңестірді, содан кейін Фредди Гондоланың соққан голы «Ақтөбеге» жеңіс әкелді.

Естеріңізге сала кетейік, «Атырау» финал жолында SD Family, «Қайрат» және «Тобыл», ал «Ақтөбе» «Жетісу», «Ордабасы» және «Елімай» командаларын жеңді.

Бұған дейін екі клуб та кубокты бір-бірден жеңіп алған.

Осы турнирдегі жеңісі үшін Леонов командасы 65 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды, ал «Атырау»  командасы 45 млн теңге иеленді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.