29.09.2024, 18:50
Жаңалықтар
СҚО-да жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді
Фото: istockphoto.com
Петропавлда жүк көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап хабарлайды.
СҚО полициясының мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталды.
49 жастағы «ЗИЛ КО-510» жүк көлігінің жүргізушісі Жамбыл мен Челюскин көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 17 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.
Жүргізуші медициналық куәландырудан өтті, мас болу белгілері анықталған жоқ. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.
Адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды