29.09.2024, 17:16
Жаңалықтар
Павлодар облысында өрттен 40 жастағы адам көз жұмды
Оқиға Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданының Шалдай ауылында болды
Фото: ҚР ТЖМ
ТЖМ өрт сөндірушілері кезекші тәулік ішінде Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 өртті жойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер 3 шаруашылық ғимаратында, 3 моншада және 3 жеке үйде өртті жойған.
Құтқарушылардың үйлесімді және жедел жұмысының арқасында барлық өрттер жойылды.
Ал Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылындағы өртті сөндіру барысында 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды.
Көп оқылған
10.08.2026, 09:59
Біреуді сотқа беремін деп, өзі кінәлі болып шықты: елордада ерекше сот ісі қаралды
10.08.2026, 16:08
Қазақстандық пауэрлифтер Гузаль Ергешева Англияда қайтыс болды
10.08.2026, 07:27
+41°C-қа дейін ыстық: 10 тамызға арналған ауа райы болжамы