$ 494.95  525.49  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында тауып алған атыс қаруын заңсыз сақтаған тұрғын 2 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Алматы облысында тауып алған атыс қаруын заңсыз сақтаған тұрғын 2 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында тауып алған атыс қаруын заңсыз сақтаған тұрғынға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы Райымбек аудандық сотында атыс қаруларды, оқ-дәрілерді заңсыз иемденді, сақтады, тасымалдады деген айыппен (ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша) күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы облыстық сотының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 5 шілдесінде айыпталушы атқа отырып Алматы облысы Райымбек ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты «Аққөл» жайлауында мал жайып жүрген кезінде, іннің аузынан шығып тұрған ақ түсті қапты көрген.

Қаптың ішінде ешбір құжатсыз «ВЕПРЬ-308» және «ТОЗ-8» маркалы қаруларын, 308 win калибрлі және 5,6 калибрлі қарулардың оқ-дәрілерін тауып алған.

Сотталушы қапты ішіндегі заттарымен өз атына жүктеп, өзімен бірге Қаратоған ауылына апарып, өз тұрғын үйінде заңсыз сақтаған.

«Сотталушының кінәсі іс-материалдармен: куәлардың айғақтарымен және сотта расталған басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Сот сотталушының жазасы мен жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлары ретінде оның шын ниетпен өкінуін таныды. Ал, қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», - делінген хабарламада.

Сот сотталушының өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары