Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады
Берік Уәлидің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді», - деп хабарлады.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы соңғы рет Алматы қаласына жұмыс сапарымен 2019 жылдың қазан айында барған еді. Сол кезде «Көкжайлау» шатқалына курорт салынбайтынын айтып, Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаған болатын.