12.05.2020, 11:40
Жаңалықтар
Жамбыл облысында тағы үш адамнан коронавирус анықталды
Үш азамат та жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды
Фото: ашық дереккөзден
Жамбыл облысында тағы үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«12 мамырдағы мәлімет бойынша, коронавирусты жұқтырғандар — 1949, 1957 және 1963 ж. облыс орталығының тұрғындары. Барлығы ЖРВИ белгілерімен медициналық мекемеге жатқызылған. Олардан алынған зертханалық талдаулар коронавирус инфекциясының ағзада барын көрсетті», - делінген хабарламада.
Үш азамат та жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды. Олармен байланыста болған адамдарды анықтау, оларды емдеуге жатқызу және анализ алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
12 мамырдағы жағдай бойынша облыста COVID-2019 коронавирус инфекциясын жұқтырған 185 адам тіркелген.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады