$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында браконьерлікпен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды

Тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктіден 64 дана киік тұқымдас жануардың мүйіздері табылды

Маңғыстау облысында браконьерлікпен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
Фото: Маңғыстау облыстық ПД

Маңғыстау облысында өткізіліп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу ауданы кеден бекеттері бірінің жанында 44 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктіден 64 дана киік тұқымдас жануардың мүйіздері табылып, тәркіленді.

«Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары