$ 541.18  636.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықтық штаб мүшелері ақтөбеліктермен АЭС бойынша пікір алмасты

Кездесуде рефередум бойынша мәлімет айтылды

Халықтық штаб мүшелері ақтөбеліктермен АЭС бойынша пікір алмасты
Фото: Ақтөбе облыстық «AMANAT» партиясының филиалы

Ақтөбе облысында электр энергиясына қажеттілік артып келеді. Өйткені аймақта өндіріс орындары көбейген. Халықтық штаб мүшелері Ақтөбе жұртшылығына еліміздегі энергия тапшылығын шешу жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуде Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова елге АЭС неліктен қажет екеніне бес сенімді дәлел келтірді. АЭС салу елдің атомдық, көмір, газ, күн, жел және су энергияларына негізделген кешенді және теңгерімді энергетикалық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

«6 қазанда Қазақстан халқы тарихи таңдау жасауы керек. Бұл шешім еліміздің экономикалық және технологиялық болашағын анықтайды. Ең маңыздысы – АЭС салу мәселесін халықтың өзі шешеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаторлық бағыты, ең алдымен, елдің басты билік көзі – халықтың мүддесіне негізделген»,  - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменова атомдық реакторлар әлемнің дамыған елдерінде сенімді энергия көзі ретінде қолданылатынын айтты.

«АЭС 70 жылдан бері қолданыста. Оларды алғаш болып 1950 жылдары дамыған елдер сала бастады. Содан бері технологиялар үнемі жетілдіріліп отырды. Қазіргі уақытта әлемде 31 елде 400-ден астам реактор жұмыс істейді»,- деп толықтырды ол.

Қазір облыс жұртшылығы орта есеппен 960 МВт электр энергиясын тұтынып отыр. Оның ішінде 509 МВт жергілікті энергия көздерінен өндірілсе, 451 МВт немесе облысқа қажетті қуаттың 47 пайызы өзге елдерден сатып алынады. 2028 жылға қарай электр энергиясына қажеттілік 1 270 МВт жетуі мүмкін.

Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов Қазақстанда АЭС салу бойынша өз пікірін айтты.

«Кезінде теміржол салынар кезде әкелеріміз экологияны бұзады деп қорыққан. Бірақ біз сол теміржолдың бойында өстік. Көп жақсылықтарын көрдік.  АЭС көптеген елде бар. Біздің қасымыздан, шекараның маңайынан Өзбекстан салып жатыр», – деді ардагер.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС