Референдум АЭС бойынша: Халықтық штаб өкілдері Қызылорда облысында бірнеше кездесулер өткізді
Біріншіден олар білім саласы қызметкерлермен кездесті

Республикалық Халықтық штаб мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Әбенов Жалағаш ауданында болып, өңірлік штаб мүшелерімен бірге ұстаздар қауымымен кездесті, деп хабарлайды
Басқосуда 6 қазанда өтетін референдум мен президент Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
«Бүгін біз елдің одан әрі дамуына әсер ететін барлық маңызды шешімдер халықпен бірге қабылданып жатқанын көріп отырмыз. Жаңа саяси мәдениеттің мәні осында. Қазір халық қабылдаған шешімнің дұрыс болғанын көріп отырмыз», — деп атап өтті Мархабат Жайымбетов.
«Кәсіби мамандардың дәлелді сөздері күмәншіл адамдар мен сыншылардың пікірінен басым түсіп, атом энергиясына қатысты халықтың қорқынышы мен үрейін сейілтуі өте маңызды», — Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов атап өтті.
Ал Жалағаш ауданында Халықтық штаб өкілдері Таң ауылының тұрғындарымен кездесті АЭС бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Бұл орайда мемлекет басшысы Жолдауында: «Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет». Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керектігін айтқан болатын. Еліміз қарыштап дамыған сайын тұрғындардың да электр қуатына деген қажеттілігі күн санап артуда",- деді сөз барысында Алмасбек Есмаханов.
"АЭС қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа жағдай жасайды. Электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифтері өндірістегі тиімсіз үстеме шығындарды азайтуға ықпал етеді. Ал бұл қадам қаражатты жаңа технологияларды енгізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттауға мүмкіндік береді. Таза жасыл атом энергетикасы 2060 жылы көміртегі салығы енгізілген кезде отандық тауарларымыздың шетелдік нарықта сәтті бәсекелесуіне жағдай жасайды",- Өмірзақ Елеусінов.
Жиында АЭС бой көтеруі арқылы болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз және оған әлемдегі АЭС арқылы қуат көзін ұтымды пайдаланып отырғаны елдер дәлелдемесі айтылды.Сонымен қатар, спикерлер тұрғындарды 6 қазан күні өтетін референдумға бір кісідей қатысып, өз позицияларын танытуға шақырды.
Жиында көпшілікті толғандырған сауалдың бірі — атом энергиясының қоршаған ортаға, адамзатқа әсері жайлы болды.
Басқосуда Халықтық штаб мүшесі Руслан Рүстемов: «Жақында Алматы іргесіндегі Ядролық физикалық институт жұмысымен таныстық. 1957 жылы негізі қаланған орталық еліміздегі жетекші ғылыми ұйымның бірі. Бұл жақта ғалымдар уранды толығымен іске асырып пайдалану жұмыстарын жүргізуде. Іске асыруға мүмкіншілігі жетпеген бөліктерін арнайы сақтау орындарына жинап, уақыт өте жаңа технологиялар көмегімен 90 пайызға дейін пайдаланып, қалдықсыз жұмыс жасауға ниетті. Бүгінде қоғамға атом станциясы салынған жағдайда оған қанша мөлшерде су кететіні, оның қауіпсіздігі жайлы ақпарат өзекті. Біз осы үшін арнайылап орталықтық жұмысымен танысқан болатынбыз. Станция тұтынатын су көлеміне келер болсақ, «Балхаш» көлінің булануынан ауаға тарайтын су мөлшелірінің 0,32 пайызы ғана станция жұмысына жетіп артылады. Сондай-ақ, орталықтық жұмысын «МАГАТЭ» халықаралық ұйымы ұдайы бақылайды. Ұйым мүшелері ресми, бейресми түрде де тексеру-бақылау жұмыстарын жүргізеді екен",-деді.
Кездесуде Еуропа, АҚШ, Ресей секілді дамыған елдерде атом энергетикасының тиімділік нәтижесі де талқыланды.
Өз сөзінде штаб мүшесі Наурызбай Байқадамов: "Қазақстанға бес Франция сияды дейміз. Сол Францияның өзінде 56 атом станциясы жұмыс істеп тұр. Бүгінде халқымыз тұтынатын электр қуатының бір бөлігін көрші Ресейден сатып алып отырмыз. Бұл бір жағынан энергетикалық тәуелділік болса, екінші тұсынан тариф бағасының өсуі де халық қалтасына ауыр соғатыны анық. Сондықтан, елімізде атом энергетикасының тиімділігін арттырып, пайдасын көру қажет. Жер қойнауымызда пайдалы қазбалар жеткілікті. Соның бірі — уран. Уранды өндіру, атом энергетикасын дамытуда елімізді білімді мамандар бар.
Жақында біз барған Ядролық физикалық институт өкілдері келешекте қажетті мамандарды даярлауға мүдделі екенін атап өтті. Сондықтан, мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен стартегиялық маңызды мақсат-міндеттерін әлеуметтік буын өкілдері ретінде«,-деді.
Басқосуда қалалық Халықтық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев атом энергиясының қоршаған ортаға тигізер әсері мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған негіздерге тоқталды.
Кездесу соңында сала өкілдері атом энергетикасына қатысты сауалдарын жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.
Сонымен бірге Халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев Байқоңырлық жастармен жүздесті.
Республикалық Халықтық штаб мүшесі Қазақстанның жаһандық прогрестен тыс қалмауы қажет екенін айтып, АЭС салудың маңыздылығына назар аударды. АЭС құрылысы жастарға үлкен мүмкіндіктер тудыратынын, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары мен ғылыми зерттеулердің кеңеюіне жол ашатынын ерекше атап өтті.
«Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін бізге АЭС секілді ірі жобалар қажет. Бұл жоба тек энергиямен қамтамасыз етумен шектелмейді, сонымен қатар еліміздің ғылыми әлеуетін арттырады, жаңартылған технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Жастарға бұл жобада үлкен рөл беріледі, өйткені олар болашақтың мамандары, АЭС сынды жоғары технологиялық нысандарды басқаратын кадрлар болады», — деді М.Ергешбаев.
Жастар атынан Байқоңыр қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Азамат Ердаулетов, Байқоңыр қалалық этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Ақерке Абдиканиева АЭС салу бойынша ой-пікірлерін білдірді.
Жиын соңында Байқоңырлық жастар АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Ал Қaзaлылық apдaгepлep Хaлықтық штaб мүшeсі, ҚP Пapлaмeнті Мәжілісінің дeпутaты Мұpaт Epгeшбaeвпен АЭС бойынша пікір алмасты.
Кeздeсудe Хaлықтық штaб мүшeсі Пpeзидeнттің AЭС сaлу туpaлы peфepeндум өткізу бaстaмaсының мaңыздылығынa тоқтaлып, бұл қaдaм «Хaлық үнінe құлaқ aсaтын мeмлeкeт» тұжыpымдaмaсының көpінісі eкeнін aтaп өтті.
Мұнан соң аудан ақсақалдарымен AЭС-тің apтықшылықтapы, олapдың экологиялық қaуіпсіздігі жәнe экономикaлық тиімділігін кeңінeн тaлқылaды.