12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
12 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, тұман, найзағай, бұршақ болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін.
Атырау облысында, таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.