Новости спорта, футбол, КПЛ

11 мамырдан бастап қайта ашылған әуе рейстерінің кестесі жарияланды

11 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанның 13 қаласына рейстер жасалады

11 мамырдан бастап қайта ашылған әуе рейстерінің кестесі жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан ішіндегі әуе рейстерінің кестесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын ескере отырып, 11 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанның 13 қаласына рейстер жүзеге асырылады. 2020 жылғы 1 мамырдан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында – (2 қала); 2020 жылғы 5 мамырдан Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылорда (4 қала); 2020 жылғы 11 мамырдан Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай (7 қала)», - деп жазылған хабарламада.

Әуе компаниялары рейстерді Эйр Астана, Fly Arystan, SCAT, Qazaq Air әуе тасымалдаушылардың ресми сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындауды жоспарлап отыр. Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігер бекіткен санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары шарттарына сай жүзеге асырылады. Яғни, жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (маскалар, қолғаптар);  термометрия, әуе кемесінің бортына отыруға дейін әлеуметтік қашықтық сақтау; әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы. Әрі қарай жағдай жақсарған жағдайда ішкі рейстер мен бағыттар санын, сондай-ақ әуе кемелері сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.