22.09.2024, 20:44
Жаңалықтар
Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады
Президент спортшыларға сәттілік тіледі
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.
Айта кетейік, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы күміс медаль еншіледі. Алтынды Үндістан құрамасы алды. Үндістан әйелдер құрамасы 19 ұпай жинап, Қазақстаннан бір ұпайға озып кетті.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)