$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Супермаркеттегі мерзімі өткен тауарды бүлдірген астаналық айыппұл арқалады

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ

Супермаркеттегі мерзімі өткен тауарды бүлдірген астаналық айыппұл арқалады
Фото: depositphotos.com

 Астанада ер адам супермаркеттердің бірінде жанжал шығарып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі қалалық мамандандырылған ауданаралық сотта сатып алушы супермаркет сөрелеріндегі мерзімі өткен печеньелерді себетке лақтырып, жұдырығымен мыжыған, яғни тауарды бүлдіргенін түсіндірді.

«Ер адам өз кінәсін мойындамады және бұл дүкенде сатылымға қойылған сапасыз өнімді (таңбалаусыз) бірнеше рет көргенін түсіндірді. Ол тағы бір рет сатып алуға келгенде осы өнімді жинап, сапасыз өнімнің сатылуын болдырмау үшін тексеру мақсатында кассирге ұсынуға шешім қабылдады», - делінген сот баспасөз қызметінің хабарламасында.

Нәтижесінде елорда тұрғыны ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 20 АЕК – 73 840 теңге айыппұл салынды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары