$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында браконьерлерден жүздеген келі балық тәркіленді

Оның 270 келісі - бекіре тұқымдас балық

Атырау облысында браконьерлерден жүздеген келі балық тәркіленді
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырау облысында браконьерлікпен айналысып, заңсыз балық аулағандардан 356 келі балық тәркіленді. Оның 270 келісі - бекіре тұқымдас балық. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, облыста 10 қыркүйектен бері «Бекіре-2024» акциясы өтіп жатыр. Іс-шара 31 қазанға дейін жалғаcады.

«Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде балықтың заңсыз айналымымен байланысты 59 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты 3 қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған құқық бұзушылық бойынша айғақ зат ретінде 2 автокөлік алынып, балық аулауға арналған 21 құрал алынды. Заңсыз ауланған 356 келі, оның ішінде 270 келі бекіре балығы тәркіленді», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, тәркіленген балық «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары