«Ең маңыздысы өзім екенмін»: Қайрат Нұртастың жұбайы әйел бақыты туралы қандай ойда?
Оның айтуынша, әйел адам бақытты болса, айналасына жылулығы мен мейірімін бөле алады
Актриса, әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында әйел бақыты туралы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, әйел адам бақытты болса, айналасына жылулығы мен мейірімін бөле алады.
«Мына қарбалас заманда қалай бәріне үлгеруге болады? Өмірімде бірнеше бағытты қатар алып жүруге тура келеді. Ол - үй шаруасы, бала тәрбиесі, өз шығармашылығым (театр, кино, блог жүргізу), басқа да кәсібім демекші… Бәрі маңызды сияқты.
Десе де, «Мен үшін ең маңыздысы қайсы?» деген ой, соңғы кездері маза бермейді. Сөйтсем, ең маңыздысы өзім екенмін.
Бәріне үлгеремін деп аптығу ойымда да жоқ. Мақсатым - бақытты болу. Бақытты күйде ғана өзіме, отбасыма, айналама жылулығым мен мейірімімді, махаббатым мен қамқорлығымды бере аламын», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Ол сөзін жалғай отырып, нағыз бақыт туралы айтты.
«Байқағаным, бақытты айналаңнан емес, өзіңмен үйлесімде болғанда ғана табасың. Жаңа орта, жаңа қарым-қатынас, сәнді киім сені бақытты етпейді.
Нағыз бақыт - жүрегіңдегі тыныштық пен еш себепсіз реңіңнің бал-бұл жайнауы.
Әр әйелдің бақытты болуын мақсат еткен авторлық жобам өзіңіз үшін, қымбаттым!» - дейді Қайрат Нұртастың әйелі.