22.09.2024, 15:38
Жаңалықтар
«Араға 9 жыл салып»: Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жүкті екенін айтты
Ол сәбиін қатты күтіп жүргені туралы айтты
Фото: Instagram/marhabat.besbaeva
Әнші Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жүкті екенін айтып, жұрттан сүйінші сұрады. Мархабат Бесбаева Instagram парақшасында құрсағына сәби 9 жылдан кейін біткенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол сәбиін қатты күтіп жүргені туралы айтты.
«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін!
Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», - деп жазды Мархабат Бесбаева.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
