Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Azattyq Rýhy

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктерің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктер еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Республиканың батысында, солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. ҚР бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Абай облысының шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.