$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында түрмеде жазасын өтеп жатқандар бүлік шығарды

Оқиға 20 қыркүйекте болды

Түркістан облысында түрмеде жазасын өтеп жатқандар бүлік шығарды
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысы ҚАЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, түзеу мекемесі тұтқындарының бір бөлігі қамауда ұстау тәртібімен келіспейтінін айтып, бүлік шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Rýhy.

20 қыркүйекте кешке сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберді. Көтеріліс барысында Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі мен ҚАЖ-дың бір қызметкеріне жеңіл дене жарақаты келтіріліп, медициналық көмек көрсетілді.

«Осы факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 428-бабының 3-бөлігіне сәйкес, «қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтық бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты зорлық-зомбылық қолданумен немесе өзіне қасақана қандай да бір зақым келтірумен не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған топтық бағынбауға қатысу» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі бойынша облыстық департамент.

Серіктес жаңалықтары