$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ел аумағына 170 млн теңгенің алтын құймаларын алып өтпек болғандар ұсталды

Олар алтын құймаларын Лексус 470 маркалы автокөлік ішіне жасырған

Ел аумағына 170 млн теңгенің алтын құймаларын алып өтпек болғандар ұсталды
Фото: depositphotos.com

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы «Кең-булуң» бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға көлік ішінде 3,3 келі алтын құймаларын алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарламада ұсталғандардың саны мен аты-жөні аталмаған. Олар алтын құймаларын Лексус 470 маркалы автокөлік ішіне жасырған. Тексеру барысында бұл құймалардың құжаты болмаған.

«Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары аясында республикалық бюджетке келтірілген шығын көлемін анықтау, сондай-ақ құрамында алтыны бар металдарды заңсыз алып өтуге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстары ұйымдастырылуда», – делінген хабарламада.

Дегенмен, комитет өкілдері шығын сомасын шамамен 30 миллион сомға бағалап отыр. Бұл – шамамен 170 млн теңге.

Серіктес жаңалықтары