20.09.2024, 08:53
Жаңалықтар
Өткен тәулікте ел аумағында 10 автокөлік отқа оранды
Зардап шеккендер жоқ
Фото: t.me/qr_tjm
Өткен тәулікте республика бойынша 10 автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиғалар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларында орын алған.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде 5 жеңіл автомобиль мен 5 жүк көлігінің жануы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ автокөлікті өрттен қорғау үшін төмендегідей кеңес береді:
- автокөлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
- жарамды өрт сөндіргішті әрқашан көлік салонында ұстаңыз.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)
08.10.2026, 21:27
Непал мен Тибетте жоғалған қазақстандықтар туралы тың мәлімет шықты