$ 494.95  525.49  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда сауда орындарының бірі сұлы жармасы үшін айыппұл арқалады

Қала тұрғыны жарманы қымбатқа сатқаны үшін шағым түсірген

Павлодарда сауда орындарының бірі сұлы жармасы үшін айыппұл арқалады
Фото: depositphotos.com

Павлодарда жергілікті дүкендердің бірі бағасы 195 теңге тұратын сұлы жармасын 405 теңгеге сатқаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар қаласының тұрғыны сұлы жармасын өз бағасынан 210 теңгеге қымбатқа сатқан дүкеннің үстінен өңірлік сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым түсірген. Тұтынушының шағымына сәйкес, кәсіпкерлік субъектісіне кезектен тыс тексеріс жүргізілді.

«Сатып алушыға бағасы 195 теңге тұратын сұлы жармасы 405 теңгеге берілгені анықталды. Департамент тұтынушының шағымына сәйкес, дүкендер желісіне тексеріс жүргізіп, нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, кемшіліктерді жою туралы ұйғарым жіберілді. Сауда желісіне 369 200 теңге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары