АЭС құрылысы туралы референдум: Халықтық штаб мүшелеру денсаулық сақтау өкілдерімен кездесті
Жиында АЭС-тің электр қуаты тапшылығын жоюда қосатын үлесінен бөлек, медицинa сaлaсын дaмытуғa тигізетін ықпaлы жaн-жaқты тaлқылaнды
Бүгін Қызылорда облысы Қазалы аудандық емханасында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен аудандық Халықтық штаб мүшелері еліміздегі атом электр станциясының құрылысы туралы кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуде Халықтық штаб мүшелері елімізде АЭС-тің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сай құрылатынын және қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін III немесе III+ жаңа буын атом электр станцияларын салу мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.
«АЭС ұзақ мeрзімді, тұрaқты, қaуіпсіз элeктрмeн қaмтaмaсыз eтeді, бұл әсірeсe aуруханaлардың, eмханaлap мен ондағы жaбдықтаpдың жүйeлі жұмыс істeуі үшін aсa мaңызды. Азаматтардың денсаулығы мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Сондықтан АЭС салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселе. АЭС құнының 40%-ы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады», — деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.
Ал штаб мүшесі Эльмира Нұрмағанбетова медицина қызметкерлеріне атом электр станциясы энергия импортына тәуелділікті азайта отырып, елді тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ететін бірден-бір маңызды жоба екеніне тоқталды.