Халықтық штаб мүшелері Қостанай облысының өңір кәсіпкерлерімен маңызды кездесу өткізді

Azattyq Rýhy

Талқыланған тақырып — АЭС бойынша референдум 

Халықтық штаб мүшелері Қостанай облысының өңір кәсіпкерлерімен маңызды кездесу өткізді
Фото: «AMANAT» партиясы Қостанай облыстағы филиалы

Халық штаб мүшелері Серік Бектұрғанов, Жанар Күйшінова және Игорь Белобржицкий Қостанай облысының өңір кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

6 қазанда өтетін АЭС құрылысы бойынша референдум тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызға ие іс-шара болмақ. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезініп отыр және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр.

Диалог алаңы өте қызу және белсенді өтті — кәсіпкерлер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесуге 30 адам қатысты, олардың әрқайсысы еліміздің энергетикасының болашағы туралы пікірталасқа өз үлесін қосты.

Кездесу барысында сөз алған штаб мүшесі Серік Бектұрғанов мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң, тәртіп және экономикалық даму» атты Жолдауында көтерілген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, АЭС құрылысы мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізудің маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Мемлекет басшысы халықтың пікірін ескере отырып, маңызды шешімдерді қабылдайды. Жолдауында да осыған ерекше тоқталды, елімізде АЭС салу мәселесі тек қоғаммен кеңесе отырып, 6 қазанда өтетін референдум арқылы шешілуі тиіс. Осылайша, елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздері мен атом электр станцияларын дамытуды біріктіру оңтайлы стратегия болмақ», — деді Серік Бектұрғанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.