$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықтық штаб атом энергетикасының пайдасы мен зиянын жан-жақты түсіндірді

Халықтық штаб атом энергетикасының пайдасы мен зиянын жан-жақты түсіндірді
Фото: «AMANAT» партиясы Жетысу облыстық филиалы

Талдықорған қаласында Халықтық штаб мүшелері  Мұстафа Хұсайын Дәуітұлы және Исаева Анар Досмұханқызы пәтер иелері кооперативі және мүлік иелерінің бірлестігінің өкілдерімен кездесіп, пікір аласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ХХ ғасырдың 70 жылдары АЭС-тер көптеп салына бастады. Чернобыль және Фукусимадағы апатты білеміз. Бұл екеуі де АЭС-тің екінші буыны, Чернобыльдегі апат адами фактор себебімен орын алды. Одан кейін буындар пайда болып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі реакторлар автоматтандырылған. Сейсмикалық тұрғыда 8-9 баллға дейін шыдайды», - дейді "QAZAQSTAN Chernobyl ARDAGERLERI" Орталық Кеңес қауымдастығы" заңды тұлғалар қоғамының негізін қалаушы Мұстафа Хұсайын Дәуітұлы.

Қазақстанда атом энергетикасын дербес дамыту үшін қажетті ғылыми және инженерлік ресурстар бар.

III, III+ буын реакторларының орташа жұмыс уақыты 60 жылға есептелген, реакторлық корпусты толық жөндеу және ауыстыру арқылы пайдалану мерзімін 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.

Сонымен бірге, "ИНФРАЭНЕРГО" ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу барысында Халықтық штабтың мүшелері Лариса Котельникова,  Бигарова Сауле, Ибраимов Олжас тарихи оқиғаның маңыздылығы мен АЭС құрылысы мен атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы жеткізді.

«Балқаш көлінің маңында құрылыс алаңын таңдау кеңестік кезеңнен бері қарастырылып, қазір ірі халықаралық ұйымдармен бірлесіп, кеңесу арқылы жүзеге асып жатыр. Оңтүстік аймақ елдегі ең ірі электр энергиясын тұтынушылардың бірі болып табылады, бірақ сонымен бірге өзінің генерациялау қуаты бойынша тапшы болып қала береді. Алматы облысында АЭС салу өңірді тұрақты және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, бұл тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді», - дейді штаб мүшесі Олжас Бекдаулетұлы.

Айта кеткен жөн, АЭС салу кезінде сейсмикалық қауіпсіздік, су қоймасының орналасуы, желілер мәселесі міндетті түрде ескеріледі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС #референдум