$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары жол қызметкерлерімен кездесті

Кездесуде атом энергетикасының мүмкіндіктері талқыланды 

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары жол қызметкерлерімен кездесті
Фото: облыс әкімдігі

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жолшылармен басқосу барысында Қанатбек Қайшыбекұлы болашақта атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар екенін ескеру қажеттігін, АЭС салу елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал ететіндігін атап өтті. Сондай-ақ, іс-шара барысында атом энергетикасының мүмкіндігі, жаңа өндіріс орындарын дамыту перспективалары және лайықты еңбек жағдайын жасау жөнінде де кеңінен сөз қозғалды.

Елімізде атом электр стансасын салу туралы маңызды талқылаудың жүріп жатқанына біраз уақыт болды. Айта кетерлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жеріне АЭС салуды жалпыхалықтық референдум арқылы шешілетінін ескерткен. Президент 2 қыркүйектегі Жолдауында бұл тақырыпқа бөлек тоқталғаны белгілі. Мемлекет басшысы бас құжатта жаһандық энергетика тапшылығының күшейіп бара жатқанын алға тартып, елімізге сенімді жəне экологиялық таза қуат көздері аса қажеттігін атап өтті. Сөйтіп, АЭС салу мəселесіне қатысты өтетін республикалық референдум 6 қазанға белгіленді.

Кездесу соңында еліміздің барлық өңірінде өткізілген АЭС салу мәселесіне қатысты қоғамдық талқылаулар циклінің қорытындыларына тоқталған облыс әкімінің орынбасары  түптеп келгенде, мұндай маңызды шешімді қабылдау ел тұрғындарының қолында екенін баса айтты.

Серіктес жаңалықтары