$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұржігітов аудиттен кейін «Қазсушар»-дың Жамбылдағы басшысын жұмыстан босатты

Жамбыл облысында суды заңсыз пайдаланған фактілер анықталған

Нұржігітов аудиттен кейін «Қазсушар»-дың Жамбылдағы басшысын жұмыстан босатты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аудит қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық «Қазсушар» филиалының басшысын қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Дереккөзге сүйенсек, филиал директорымен қатар, Аса өндірістік аймағының басшысы да жұмысынан шығып қалған.

«Ішкі аудит қорытындысына сай Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босады. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Еске салсақ, осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша министрліктің Ішкі аудит департаменті Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалына тексеріс жүргізген болатын. Анықталған құқық бұзушылықтарды одан әрі қарау үшін аудит материалдары Бас прокуратурасына жолданды», - деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік мамандары Жамбыл облысында жүргізген аудит барысында су ресурстарын заңсыз пайдалануға қатысты 10-ға жуық факт анықталған екен.

Серіктес жаңалықтары