Үкімет «Орал – Атырау» автожолын қайта құру жобасын іске асырмайтын болды

Azattyq Rýhy

Күрделі жөндеу орнына тек шұңқырлар жамалып, жолдың зақымдалған және тегіс емес учаскелері қалпына келтірілмек

Үкімет «Орал – Атырау» автожолын қайта құру жобасын іске асырмайтын болды
Фото: uralskweek.kz Копирование, перепечатка и любое другое использование материалов сайта допускается только при наличии гиперссылки на azh.kz. Запрещено публиковать в пабликах ВК, Instagram.

Жобалаушылар қаражаттың жетіспеушілігінен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тоқтатты, осы жолды жөндеу мерзімдері қаржыландыру көзі анықталғанға дейін кейінге қалдырылды. Бұл туралы  «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басшылығының жауабынан белгілі болды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy УН сайтына сілтеме жасап.

«Атырау – Орал» автожолын қайта құру жобасы – 303 шақырым – Атырау облысының шекарасына дейін 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасына енді. 2021 жылы сегіз жобалаушы компания осы жолдың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге кіріскен еді.

Сол кезде «ҚазАвтоЖол» ҰК өкілдері бұл жол төрт жолақты болатынын, қарсы қозғалысқа арналған бөлгіш қоршаулар және малға арналған жер асты өткелдері салынатынын хабарлаған болатын.

Үкімет осы автожолды қайта құруды қаржыландыру туралы шешімді 2022 жылдың соңына дейін қабылдаймыз деп уәде берген.

Алайда 2024 жылдың сәуір айында вице-министр Талғат Ластаев бұл жобаның мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы әлі де расталмағанын мәлімдеген.

Сонымен қатар осы аптада Оралда көлік министрі Марат Карабаев тұрғындармен кездесу барысында келесі жылы республикалық маңызы бар «Орал – Атырау» тас жолының 500 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. Яғни, күрделі жөндеу орнына тек шұңқырлар жамалып, жолдың зақымдалған және тегіс емес учаскелері қалпына келтірілмек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.