14.09.2024, 15:05
Жаңалықтар
ІІМ жанынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды
Тиісті қаулыға Үкімет басшысы қол қойды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті ҚР Ішкі істер министрлігін құратын тағы бір бөлімше болады.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын. Үкіметтің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін», - делінген құжатта.
Енді ІІМ құрамына мыналар енеді:
- Қазақстан Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
- Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
- Әкімшілік полиция комитеті;
- Көші-қон қызметі комитеті;
- Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.
Қаулы қол қойылған күннен бастап, яғни 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды