Ақшасын қазақстандық банкте сақтаған ресейлікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Azattyq Rýhy

Ол әуежайдағы тексеріс кезінде заң бұзды

Ақшасын қазақстандық банкте сақтаған ресейлікке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Kozachkov телеграм каналынан

30 шілде күні Астана халықаралық әуежайында Ташкентке ұшпақ болған Ресей азаматы Максим Томкович 93 мың доллар көлеміндегі ақшамен ұсталды. Белгілі болғандай, Томкович круиздік лайнерде аға механик болып жұмыс істейді және шетелдік компаниядан жалақы алады, деп хабаралйды Azattyq Rýhy Kozachkov телеграм каналына сілтеме жасап.

2022 жылы енгізілген санкциялардан кейін жұмыс берушісі оған ресейлік банктерге төлем жасай алмағандықтан, ол Қазақстанда банктік шот ашып, екі жыл бойы ақшасын жинақтаған.

Қазақстан банктерінен ақшасын алған соң, Томкович Астана – Ташкент – Сочи бағыты бойынша билет сатып алып, еліне қайтпақ болды. Алайда, шекарадан өтерде 10 мың доллардан астам соманы ЕАЭО аумағынан шығаруға тыйым салынғанын білмей, ұсталды. Себебі оның маршрутына Өзбекстанның кіруі заңды түрде оны Еуразиялық экономикалық одақ шегінен шығарады, сондықтан оған контрабанда бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотта Томкович отбасындағы жалғыз асыраушы екенін, екі баласы барын және жұбайы үшінші баланы күтіп отырғанын айтып, ақшасын тәркілемеуді сұрады. Судья Сандуғаш Байбосынова оған 10 мың долларды қалдырып, 83 700 долларды мемлекет кірісіне тәркілеуге шешім шығарды. Сонымен қатар, оған 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.