Еуропалықтар «қуырдақ фестивалін» өткізді

Azattyq Rýhy

100 шақты қазанда дәмі тіл үйірер қой етінен таза қуырдақ әзірленді

Еуропалықтар «қуырдақ фестивалін» өткізді
Фото: Асқар Бековтің Facebook парақшасынан

Еуропалық қыпшақтар өткен сенбіде тек қой етінен әзірленетін «қуырдақ фестивалін» өткізді. Бұл туралы журналист Асқар Беков өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист мұндай қызықтан қалмайын деп Мажарстандағы қыпшақтардың кіші ордасы Кунсентмиклоштағы фестивальге барып қайтқанын жазады.

Оның сөзінше, бүгінде картоп пен пияз қосылмаған таза қуырдақты тіпті Қазақстаннан да табу қиын. Ал аталған фестивальде  100 шақты қазанда дәмі тіл үйірер қой етінен таза қуырдақ дайындалған.

«Бас аяғы 9 мыңнан аса тұрғыны бар бұл қалашықта әлбетте ешкім қыпшақ тілінде сөйлемейді. Алайда өзін қыпшақ санайтын ақсақалдар ас ішіп болған соң қыпшақ тілінде бата қайтарды. Бұл дұға сонау Шыңғысхан заманынан бері ауыздан ауызға жетіп, тек 3 ғасыр бұрын ғана қағазға түсірілген екен. Бүгінде қыпшақтың көне дұғасын тасқа қашап, қаланың орталығына ескерткіш ретінде орнатыпты», - деп жазды ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.