$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақталып, күн жылынады

Астана түнде және таңертең тұман күтіледі

Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақталып, күн жылынады
Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы тұрақталып, жауын-шашын азаяды. Алайда, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында суық ауа массаларының әсерінен жаңбыр жауып, кей жерлерде кн суытуы мүмкін. Солтүстік аймақтарда түнде ауа температурасы төмендегенімен, күндіз күн жылынады. Батыс және орталық өңірлерде желдің жылдамдығы күшейіп, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 10 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 10 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 10 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 10 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 10 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күндіз 15-20 м/с күтіледі. 10-11 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Тараз қ.: 10 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 10-11 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Астана

Астана қ.: 10 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысы

Түнде және таңертен Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 10 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 10 қыркүйекте шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

10-11 қыркүйекте Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 10-11 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 10-11 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 10 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысы

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 10 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары