Ақтауда «Гелендваген» көлігін өртеп жіберген ер адам бірнеше жылға сотталды

Azattyq Rýhy

Жәбірленуші сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады

Ақтауда «Гелендваген» көлігін өртеп жіберген ер адам бірнеше жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Ақтауда ер адам «Гелендваген» көлігін өртеп жібергені үшін түрмеге қамалды. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, тергеу органы жергілікті тұрғынды өртеу арқылы басқа біреудің мүлкін қасақана жоюға оқталғаны үшін айыптады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап хабарлайды,

Іс материалдарына сәйкес, әйелінің жұмыс берушісімен нашар қарым-қатынасты негізге алып, Mersedes-Benz G500 автокөлігінің үстіне бензин шашып, от қойған. Алайда, көлік ішінара көршілерінің арқасында аман қалды.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Прокурор істі ескіруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды және істі тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші сотталушыға қатаң жаза тағайындауды және келтірілген материалдық залалды толық көлемде өндіріп алуды талап етті.

Басылым мәліметінше, балаларының болуы, тұрғылықты жерінен оң мінездемесі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Ауырлататын себеп жоқ.

Сот үкім шығарып, ер адамды ҚР ҚК 24-бабы (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК 202-бабы (өртеу жолымен елеулі залал келтірген бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша кінәлі деп тауып, белгіленген жазаны орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.